ОҚО ІІД мұрағат қызметкерлері қуғын-сүргін құрбандары туралы 50-ден астам анықтама берді. Осыдан тура 20 жыл бұрын Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланғаны белгілі.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстан КСРО халықтарының жаппай жер аудару орнына айналды. Қуғындалғандардың тағдыры тек ОҚО тұрғындарын алаңдатпайды, сондай-ақ басқа облыстар мен мемлекеттер де ойлайды, осылайша ОҚО ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталықтың арнайы мұрағат қызметкерлері өтініштерге әрқашан тез арада жауап беріп, анықтама алуға көмек көрсетеді.
2018 жылдың басынан бері ОҚО ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталықтың Арнайы мемлекеттік мұрағатына қуғындалғандардың туыстары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар атынан 50-ден астам өтініш түсті. Мұрағатқа қуғындалған туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін адамдар ақпарат алу үшін және өз отбасының тарихын қалпына келтіру үшін жүгінеді.
2014 жылы ОҚО Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ОҚО ІІД Арнайы мемлекеттік мұрағатқа сот органдарымен ақталған қуғындалған тұрғындарға қатысты мұрағатты қылмыстық істер жіберілген. Бұл әнгіме 8164 азаматтардың қылмыстық істері бойынша сталиндік қуғын-сүргін жылдары «ҚСРО қоғамдық құрылымды қаралау, алдын ала жалған ойдан шығарылған, мемлекеттен шіркеуді және мешіттерді бөлу бойынша ережелерді бұзу, кеңеске және төнкерістің үгіт-насихаттауы» бойынша сотталғандар туралы. Қазіргі таңда аталған барша азаматтар ақталған.
Ақталған азаматтар немесе оның жақын туыстары ОҚО ІІД ААО-ның мұрағатынан олардың тоқтамға алынған қылмыстық істердің құжаттарымен танысуға болады, сондай-ақ аталған құжаттардағы сақталған қол жазбаларымен, бейнесурет және т.б. жеке құжаттарды алуға болады. Ақталған азаматтардың жақын туыстары олардың процессуалдық емес сипаттағы құжаттарымен таныса алады (тұтқындардың сауалнамасы, жұмыс орнынан мінездеме, үкім және айыптау қорытындысы).
Одан басқа, 30-50 жылдары саяси қуғынға ұшыраған ата-бабалар, туысқандардың тағдыры бойынша толық ақпаратты ведомстволық Веб-порталының қуғынға ұшырағандар бойынша ақпаратты іздеу функциясы арқылы «Мемориал» сервисінен алуыңызға болады.
Анықтама бойынша ОҚО ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының мекенжайына хабарласа аласыз: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 3.