Сәуірдің 29 – на Шымкент қаласындағы емханалардың бірінің аумағынан ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала белгілі болғанындай, ер азаматтың мәйітін қарау барысында ешқандай зорлық зомбылық белгілері болмаған.

«Аталған дерек Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде» – дейді ОҚО ІІД басқарма басшысы С.Қаракөзова.