Шымкентте көне моншаны сүру жұмыстары жүргізілуде

574

Шымкенттегі көне монша сүріледі. Қазір шатырын бұзып жатыр. Шындығында бұл жұмыс өте баяу жүргізілуде. Қиратылып жатқан ескі моншада жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың қатары да қалың емес.

Түркістан көшесіндегі көне моншаны бұзу Қонаев даңғылын кеңейту мақсатында қолға алынған. Жауапты шенеуніктердің айтуынша, монша қожайыны мемлекеттен төлемақысын алып та үлгіріпті.

«Жалпы қалада сүрілетін нысандар саны 73 — ті құрайды. Олардың 33 — інің иелері мемлекеттен өтемақыны алып та қойған. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр,»-дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Мәуленқұлов.