Д. Қонаев даңғылы жалғасының 1-ші кезеңін маусымда аяқтау жоспарлануда

209

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылы жалғасының І және ІІІ кезең жұмыстарының құрылысымен танысты. Құрылыстың қарқынды жүруі үшін қала басшысы әр екі аптада бір рет жұмыс барысын осылай пысықтап отырады. Жалпы ұзындығы 580 м болатын нысанның қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыстары аяқталған. Құрылыс белдеуінде тұрған 2 жеке меншік үйлерді мемлекет мұтажына алған жағдайда қалған 180 м құрылыс жұмыстрын аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарлануда.

Жобаның үшінші кезеңі бойынша бүгінде 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілерін, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана тірегіштерін құю, жер жұмыстары мен 2 дана темір жол көпірінің негізін құю жұмыстары орындалды. Стратегиялық маңызды нысан құрылысын аралап көрген қала әкімі бір күн де жоғалтпай жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Шынар Оразова