Таксистермен қанды қырғын ұйымдастырған шолаққорғандық сотталды

626

Шымкентте ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында такси жүргізушілерімен төбелесіп қалған шолаққорғандық азаматтың ісі қаралды.

Созақ ауданы Шолаққорған ауылында қаларалық таксистерге автотұрақ иесі жалға беру ақысын бірден қымбаттатып жіберген. Жалға алушы такси жүргізушілері тұрақты ауыстырмақ болған. Жолаушылар тасымалдаушылар мен жалға беруші арасында кикілжің туындап, ақыры қанды төбелеске ұласқан.

«Ерқұлов, Ибраев және Ордабеков үшеуі таксистердің бригадирін көлікпен қуып жетіп соққының астына алған. Ерқұлов пышақпен жәбірленушіге бірнеше жарақат келтірген. Сосын қанды оқиға орнынан тайып тұрған. Полицейлерден ізін суытамыз деп жүріп, қатты жылдамдықпен көліктері аударылып кетеді. Үшеудің бірі сол жерде қаза болған. Шолаққорғанның тұрғыны Ерқұловты сот кінәлі деп тауып, адам өлтіруге оқталғаны үшін, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 11 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесті»- дейді бұл қылмыстық іс туралы ОҚО мамандандырылған ауданарылқ қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Әбинұр Қарабаев.

Қылмысқа қатысушы, көлік рулінде болған Ибраев жол көлік оқиғасын жасағаны үшін, қылмыскерлердің ізін суытуына көмек бергені үшін айыпты деп танылған. Оған 2 жыл 6 ай шартты жаза кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енген.