ОҚО ІІД  «Заңсыз келуші – 2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп, полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 400-ден астам заң бұзушыларды анықтады. Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдың 21-24 мамыр аралығында ОҚО ІІД Көші-қон полиция басқармасы қызметкерлері «Заңсыз келуші – 2018» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараның басты мақсаты шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу, облыс аумағында заңсыз жүргендерді анықтап, заңсыз көші-қон жолдарын кесу, сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарту жайттарын анықтау және басқа да құқықбұзушылықтар болып табылады. «Заңсыз келуші – 2018» жедел-профилактикалық іс-шара өткізудің бірінші күнінде-ақ полицейлер көші-қон заңнамасын 400-ден астам бұзушыларын анықтаған, оның ішінде 351-і шетелдіктер. Аталған құқықбұзушылықтардың 209-ы ескертілген, 34-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 128 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, ОҚО ІІД-нің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 35 адам орналастырылды. 56 шетел азаматтарына ел аумағында болу мерзімдері қысқартылып, 42 шетелдіктер сот шешімдерімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін екі шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін және көші-қон саласында заңды бұзғанына ҚР 60-тан астам тұрғыны әкімшілік жаупкершілікке тартылған.