Зағип кәсіпкер 100 қап ұн таратты

667

Сауаптар молынан жазылатын қасиетті Рамазан айында облыстық зағиптар қоғамында мүмкіндігі шектеулі жандарға 100 қап ұн таратылды. Қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Жұманәлі Сыздықовтың өзі 1 — ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан.

Тағдырластарына тарту жасауды жыл сайын ұмытпайды. 55 жастағы кәсіпкер 29 жасында бір түнде көз жанарынан айырылған. 26 жылдан бері денсаулық саласында кәсібін дөңгелеткен қайырымды жанға зағиптардың айтар алғысы мол болды.

Бәкір Әбдікұлы: «Өзіміз секілді тағдырлас, көзінің көрмеуіне байланысты 1-ші топтың мүгедегі  Жұманәлі Сыздықов жыл сайын осындай сауапты істердің ұйытқысы болып жүреді. Алғысымызды білдіреміз. Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір қайырымды ісінің сауабы еселенсін!».