Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні. Тестілеу облыстың 12 аудан, қалаларында өтіп жатыр. Білім сынағына 6979 бала қатысуда. Тестілеудің алғашқы күні сынаққа Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласының оқушылары қатысқан болатын.
Әлібек Кенжебаев, Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы: «Ең жоғары 137 балды Шымкенттегі О. Жолдасбеков атындағы №9 мектеп лицейдің бітіруші түлегі Сухраб Камалов жинады. Ал, одан кейінгі 136, 135 ұпайға облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатының екі оқушысы қол жеткізді».
Бұдан кейінгі жоғарғы балға ие болғандар Шұғыла Сайлаудың көрсеткіші — 136, Абылайхан Шораевтікі 135 балды құраған. Жалпы бұл күні сынақта бағын сынағандардың 2931 талапкердің орташа балы — 76,9 болды. Былтыр алғашқы күні ҰБТ тапсырғандардың орташа балы — 73 болатын.
Әлия Әділбек