Болашақ зейнеткерлерге зейнетақы төленбейді

493

Зейнетақы шотындағы аударымдарыңызды тексеріп тұрыңыз. Бірыңғай жинақтаушы Зейнетақы қорының мамандары жарналардың дұрыс, әрі уақтылы аударылғандығын тексеріп тұруға кеңес береді.

Осы орайда қордың облыстық филиалының қызметкерлері шымкенттік салымшылар үшін ашық есік күнін өткізді. Жиналған көпшілік үшін мамандар аударымдарды қалай бақылауға, тексеруге және қадағалауға болатынын түсіндірді. Жиын барысында зейнетақы жүйесіндегі басқа да өзгерістер туралы айтылды. Тіпті, келешек зейнеткерлерге мемлекет есебінен зейнетақы төленбейтіні де сөз болды.

Сондықтан да, мамандар болашақта зейнетақыдан қағылғыңыз келмесе, айлық табыстың 10 пайызының аударылуын қадағалап тұруға кеңес береді. Бүгінде оны «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде үйден шықпай-ақ, телефон арқылы білуге де болады.

Айжан Ермекқызы