Нұротандықтар кәсіподақ бірлестігімен меморандумға қол қойды

445
НұрОтан партиясы облыстық филиалы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің арасындағы өөзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен «ОҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандумның шеңберінде тараптар ҚР Конституциясын, халықаралық шарттарды, заңдарды, өзге де нормативтік актілерді әр тараптың ішкі құрылтай және өзге құжаттарын басшылыққа алады.

Облыс тұрғындарын, еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін қорғауға, қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылуы, ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша қоғамдық бақылауды бірлесіп ұйымдастырады және жүргізеді.

Берік Бекжанов, аумақтық кәсіподақ бірлестігінің  төрағасы: «Осы меморандумды қабылдауға ұйытқы болған «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы басшылығына алғысымыз шексіз. Осы құжат арқылы  ортақ міндет аламыз. Олардың негізгілеріне тоқталсам, екі тарап мемлекеттік органдармен бірлесіп, еңбек даулары мен әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды шешу жүйесін әзірлеу мен жетілдіруге қатысады. Еңбек ұжымдарында бастауыш партия және кәсіподақ ұйымдардың рөлін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Облыстың әлеуметтік экономикалық жаңғыруына ықпал ету, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудің тиімді жолдарын бірлесіп іздестіру, облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтау, оларды шешу бойынша кешенді шараларды ұсыну мәселелері бойынша екіжақты кеңестер мен тұрақты кездесулер өткізеді.

Мемлекеттік билік органдарына халықтың, ең алдымен әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының өзекті мәселелерін іс жүзінде және тиімді шешу бойынша бірлесіп міндеттер қояды.