ОҚО-да тауда төрт адам адасып кеткен

614
inTavrida

Облыс аумағында таудағы оқыс оқиғалар саны артқан. Жыл басынан бері төтеншеліктер үш рет тауда іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде төрт адамды құтқарып қалды. Бұл туралы салаға жауаптылар тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, алда күн жылынуына орай тауға шығып, демалатындар көбейеді. Мұндай кезде сақтық шараларын күшейту қажет дейді құтқарушылар.

Айта кетейік, облыс аумағында 2 орман өрті тіркеліп, жалпы көлемі 179 гектар жер аумақ тілсіз жаудың құрбанына айналған. Өрт кезінде шаруалардың материалдық заттары күлге айналған. 236 мың теңге шығын келген. Өрттен зардап шеккендер жоқ.