ОҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол жүрісі қағидаларының 3,5 мыңнан аса құқық бұзушылықтарын анықтады. Өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша тәртіп сақшылары ЖЖҚ 3,5 мыңнан аса құқық бұзушылықты, оның ішінде жүргізушілердің көлікті мас күйде басқаруының 18 жайты анықталды. 

Әкімшілік жауапкершілікке қауіпсіздік белдігін қолданбау — 732, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану – 574 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару – 132, жылдамдықты арттыру – 160, қарама-қарсы жолағына шығу – 11, бағдаршамның тыйым салынатын сигналына өту – 31, жолда апаттық жағдай туғызу – 5 оқиға, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару – 92 жүргізуші және 138 жаяу жүргіншілер жол жүрісі қағидаларын бұзғандығы анықталған.

Барлығы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ЖПҚ қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 100-ден аса әкімшілік хаттама толтырған.