ВИЧ індетімен ауыратын балаларға арналған «Батылдық қорабы» қойылды

541
YouTube

Бүгінде дертті балаларға демеу болып, көмек қолын созатын жомарт жандар жоқ емес. Аурудан азап шеккен бүлдіршіндерді сәл де болса қуаныш сыйлауға ұмтылатын жандар жақсылық жасаудан жалықпайды да. Күні кеше Облыстық «Ана мен бала» оңалту орталығында әлеуметтік жоба қолға алынды.

Өңіріміздегі ВИЧ індетімен ауыратын балаларға арналған «Батылдық қорабы» қойылды. Оның негізгі мақсаты – талдау сынамаларын өткізу мен екпе қабылдаудан әбден зәрезап болған балаларға сәл де болса қуаныш сыйлау. Екпе еккеннен кейін балаларға қораптан ойыншық таңдау ұсынылады. Бұл балаларды қуанышқа бөлейтіні анық.

Дертті балапандардың сәл де болса азапты аурын жеңілдетіп көңілін көтеру жекелеген азаматтар мен «КМФ» ЖШС-нің идеясы. Ойыншықтарға қаржыны осы қайырымды жандар бөліп отыр. Дегенмен жобаға үнемі қаржы қажет болады. Сондықтан да жомарт жандар бұл жобаға тамшыдай болса да үлес қосады деген үміт бар. Бүгінде ОҚО-да ВИЧ диагнозы қойылған 240 бала бар.