Жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттегі Рашидов көшесі бойында «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі үлкен жылдамдықпен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, жарақаттанған жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.

Көлік астында қалған азамат ешкімге қояр шағымы жоқтығын айтып отыр. Бұл оқиға бойынша анықтаушылар тергеу жүргізетін болады. Айта кететін жәйіт жәбірленуші азамат жаяу жүргіншілер жолағы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Енді оқиғаға кімнің кінәлі екенін полицейлер анықтайтын болады.