Түркістан облысында жұмыста жүріп, жарақат алғандар көбейіп барады. Бұл туралы бүгін өңірдің еңбек инспекциясы мәлімдеді.

Басқарма басшысының сөзінше әсіресе, құрылысшылар, медицина мамандары мен уран өнеркәсібінің қызметкерлері жазатайым жағдайға душар болады. Кесірінен, 8 ай ішінде 12 қызметкер жұмыс барысында қайтыс болған.

Берік ИБАДУЛЛАЕВ, Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы: «Кәсіпорындарда ағымдағы жылдың 8 айында 43 жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан 64 адам зардар шегіп, оның 12 қайтыс болды. Құрылыс саласында 13. Денсаулық саласында 10, уран өренкәсібінде 5-еу, еңбек өнеркәсібінде 4-еу, білім саласында 4-еу, ауылшаруашылығында екеу».

Сондай-ақ, аймақта жұмыс істеп, еңбекақысын ала алмай жүргендер де жетерлік. Олар «Қыран» футбол командасындағылар мен «Статус» компаниясының қызметкерлері. Қос компания бүгінге дейін мемлекетке 1,5 млн теңге айыппұл төлеген. Ал, қол астындағыларға төленуі керек 41 млн. теңге берешенін әлі күнге дейін құтылмаған.

Назерке Үкібасова