Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау жариялайды.
Қоғамдық тыңдау 2018 жылдың 20 шілдесі күні Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, №49 үй — Әл-Фараби ауданы әкімшілігінде, сағат 11:00-де басталады.
Қоғамдық тыңдаудың құжаттарымен және «Бөгет көшесінің құрылысы (Дамба көшесінің жалғасы)» жұмыс жобасымен мына мекенжайда алдын ала танысуға болады және ұсыныстар қабылданады: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі №49 үй, №104 кабинет немесе shymdor.kz@mail.ruпоштасы.