Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен өткен ОСК отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы», «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» ҚР Президентінің Жарлықтарына сәйкес, Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын, сондай-ақ Астана қаласында Байқоңыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы Қаулы қабылдады», — деп атап өтілген ОСК мәліметінде.
Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу ережелеріне толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілеріне өзгертулер енгізу жөнінде, ҚР Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы қаулылар қабылданды.