Шардара қаласында тағы бір азаматша суға кетіп, мерт болды. Оқиға 12-ші шілде күні тіркелген. Суға кеткен азаматшаның жасы 26-да. Марқұмның денесі бір күннен кейін ғана табылған. Бұл жыл басынан бері орын алған 15-ші қайғылы жағдай.
Төтеншеліктер рұқсат етілмеген жерде шомылмауға шақырады. Мамандар қанша дабыл қақса да, құлақ аспағандар қайғылы оқиғаға тап болуда. Департамент мамандары суға түскен кезде абай болуға шақырады.