«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС — қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй — коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, жақында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Мұхтар Мұхамбетжан және оның орынбасары Бақбергенов ұсталды.
«Олар «Нұрлы-жер» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары аясында Шымкенттегі үйлерді жөндеуге қатысты мердігерлік шарттарды жасағаны үшін 5,1 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдік бар. Жалпы, мердігерлік жұмыстарға 34 млн теңге бөлінген», — деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.