Тауда қалып қойған азаматша құтқарылды

Ағымдағы жылдың шілде айының 16-сы күні Төлеби ауданы, Қасқасу ауылы маңындағы Өгем тауында серуендеуге шыққан азаматшаны ТЖД мамандары таудан алып түсті.

1986 жылы туылған азаматша тауға серуендеуге шыққан. Алайда ол аяғын сындырып алған. Соның салдарынан өз күшімен қауіпсіз жерге жете алмай төтеншеліктерге хабарласқан.

28 жасар азаматшаны құтқаруға ТЖД-нің 5 қызметкері, 1 дана техникасы  жұмылдырылған.