Әуе десантшылары төл мерекесін тойлады

356

Бүгін қарулы күштердің элитасы — әуе десантшыларының төл мерекесі. Екінші дүниежүзілік соғыста, сондай-ақ Ауған жеріндегі шабуылдарда әуе әскері майданның алдыңғы шебінде болды. Бүгін десантшылыр Шымкентте бас қосып, «Ерлікке тағзым» әскери патриоттық іс шарасын өткізді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жиынға қатысқан әскерилер мен ардагерлер алдымен, қызметте жүріп қаза болғандарды еске алды.

Айта өтейік, биыл Әскери әуе десантшыларына 88 жыл толды. Ел қорғаны атанған ер-азаматтар мерекелік шеру ұйымдастырып, жастарға үлгі көрсетті. Енді мақсат кейінгі толқынның сапты абыройымен толықтыруы.