Көлік қызметкерлері төл мерекесін атап өтті

1032
көлік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Тамыз айының бірінші жексенбісі – автокөлікшілер күні. Төл мерекелерін атап өткен өңір көлікшілері құрметке ие болды. Айта өтейік, қаламызда төрт жарым мың сала қызметкері бар екен. Солардың 11-і «Құрметті көлікші» төс белгісіне ие болса, қалғандарын облыс, қала әкімдері кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттарын табыстады. Қажырлы еңбек пен үлкен жауапкершілік артылған жүргізушілердің жұмыстары да ауыр. Сондықтан оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Тастемір Мелдебаев, «Құрметті автокөлікші» төс белгісінің иегері:»Мен Отрар ауданының тумасымын. 30 жылдан бері осы салада қызмет етіп келемін. Мамандығым қызық әрі қиын. Еңбегімізді елеп, құрмет көрсетіп жатқан облыс басшыларына рахмет. Барлық әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын».

«Кең байтақ Қазақстанымыздың гүлденіп дамуында көлік саласы қызметкерлерінің де үлесі зор. Бүгін осы залда отырған баршаңыз күре жолдағы қиындықтарды жеңе отырып, асқан қажырлылық таныттыңыздар. Сіздерге үлкен алғыс айтамыз және еңбектеріңіз жана берсін!», – деп игі тілегін жеткізген көлік және автомобиль жолдары департаментінің бастығы Әбілсейт Рабаев қызметкерлеріне қызмет етті дәл осы күні.

Салтанатты жиналыста бір топ еңбек озаттары ұлықталды.