Астан уланғандар ауруынан айықты

372

Құдалыққа барамыз деп тамақтан уланып қалғандар туралы хабарлаған болатынбыз. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жаппай бір уақытта түскен науқастар дертінен жазылды.

Еске салайық, Қайтпас шағынауданында орналасқан мейрамханада бірнеше күн бұрын құдалыққа барған 11 адам аурухана төсегінен бір-ақ шыққан еді. Бұл оқиға бойынша Шымкент қаласы, әл-Фараби аудандық полиция бөлімі іс қозғаған. Аталған іс «Санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарды бұзу» бабымен тіркелді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Науқастардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Анығы сол, ауруханаға түскен 11 науқастың барлығына тиісті ем-дом көрсетіліп, үйіне қайтарылған.

 

Баян Рыстаева, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі: «5-ші шілде күні тамақтан уланып, 11 науқас жеткізілген болатын. Қазіргі таңда барлығы да үйлеріне қайтарылды. Жағдайлары қанағаттанарлық».

 

 

 

Ернар Балабеков