Астананың беделді аудандарының біріндегі «Южный» серіктестігі қоймасының төбесінде SOS деген жазулар пайда болды. Осылайша меншік иелері кооперативтің қандай қиын жағдайда екенін көрсеткісі келген, — деп хабарлайды tengrinews.kz «Крыша» сілтеме жасап.
Ғимараттар Оқушылар сарайы, Ұлттық футбол кешені мен қымбат тұрғын үйлерге көрші орналасқан. Мұның барлығы бірнеше саябақ, жаңа әкімшілік орталық пен Есіл өзенінің жағалауынан 10 минут жерде тұр. Бас жоспарға сәйкес, мұнда бірнеше тұрғын үй кешені мен әлеуметтік нысан болады.
Дегенмен, жер теліміне көптеген құрылысшының шамасы келмеген. Бірнеше компания тұрғын үй салуға тырысқан, бірақ оның арты қылмыстық іспен аяқталып, инвесторлар алданған. Оның әрқайсысы кооперативтің құлауына әсер еткен. «Южный» заңды қойма қоғамы енді жоқ, бірақ іс жүзінде 40 гектар жерде шамамен бес мың гараж бар. Оның әрқайсысы түрліше қираған.
Меншік иелері бастамашыл топтың төрағасы Наталья Гресьтің айтуынша, шамамен гараждардың төртінші бөлігін салушылар сатып алған, бірақ қатар бойынша емес, шахмат тәртібімен орналастырылған. Нәтижесінде сатылған көрші гараждар да қирап жатыр. Қалған гараждың көбі қақпа мен тақтасыз немесе мүлде қираған. Аз бөлігі ғана қалпын сақтаған, соның өзінде оны меншіктеушілер қақпасы мен есігін өздері бітеп, жабыстырып қойған. Кооперативтің жағдайы ұрылардың назарын аударған. Ұрылар қабырғаны сындырып, гараж ішіндегі бағалы заттарды алып, еркін «серуендейді».
Жекеменшік иесінің ешқайсысы гаражды қызметі бойынша қолдана алмайды. Ал заңсыз қиратудың жылдамдығы сонша, ресми сатып алғанша (егер болса) құрылыстың бәрі қирап бітеді. «Сол себептен бізге гараж қабырғасына SOS деп жазуға тура келеді, бізді біреу тыңдауы үшін оны әлеуметтік желілерге таратамыз», — деп түсіндірді Гресь. SOS жазуы елуге жуық гараждың төбесіне жазылған. Батыл жеке меншік иелері бұл жазуды түрліше түсіндіреді, мысалы, «Союз обманутых собственников».
Соңғы мәліметтер бойынша, бірнеше депутаттың сауалынан кейін Оқушылар сарайының артында құрылыс басталатыны мәлім болды. Гаражды сатып алу жекеменшік иесімен келісімшарт жасасу арқылы жүреді. Гараждың орташа бағасы екі миллион теңге болады. Ал мемлекеттің қажеттілігі үшін үш жер телімі қалдырылды, онда 1 200 орындық мектеп салынады.