Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын. Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.