Музейде телесериал түсірілді

462

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасы бойынша қазақтың төбе биі Төле би туралы тарихи телесериал түсіріліп жатқаны белгілі. Аталмыш фильмнің бір эпизоды Аппақ ишан музейінде түсірілді.

Музей ғимараты жақсы сақталғандықтан, тарихи фильмге шынайылық берері сөзсіз. Төле бидің балалық шағынан бір көріністі осында түсіруді жөн көріпті.

Бұл тарихи телесериалда тек ғимаратты ғана қолданбай, оған қоса музейдегі құнды жәдігерлері де пайдаланылды. Қоюшы режиссер Батырхан Дәуренбековтің айтуынша телесериалдың соңы қазақтың үш жүзінің басын қосқан Ордабасы тауында, қазақ жасағының жауға қарсы шыққан соғысымен аяқталмақ.

Фарида Ботабаева