«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

1456
shymkent.gov.kz

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Бахадыр Нарымбетов тағайындалды. Б.Нарымбетов күнгейліктерге  идеолог ретінде жақсы таныс. Бірнеше жыл ішкі саясат басқармасының тізгінін ұстаған болатын.

Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов 1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 1993-1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-де саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бiлiм алған.

2001 жылдан бастап Сарыағаш ауданы әкiмi аппаратында, ОҚО ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң облыстық iшкi саясат департаментiнде, ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат басқармасында маман, бас маман; 2006-2008 жылдары облыстық iшкi саясат басқармасының бастығы;

2008-2009 жылдары ҚР Президентiнiң баспасөз қызметi ұйымдастыру секторының меңгерушiсi болып iстедi. ҚР Әдiлет министрлiгi дiни iстер жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары;

2010 жылдың наурыз айынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
2016 жылдың сәуірінен бастап «Қазтрансгаз» АҚ-на қарасты «Азиялық газ құбыры» ЖШС ОҚО филиалының директоры қызметін атқарған.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың  бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы тағайындалды.

Партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов жаңа орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тіледі.