Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2018 жылғы 14 тамыз күні сағат 15:00-де қала әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайды.
Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.
Қабылдауға қала әкімі аппаратының 53-00-07 телефоны арқылы алдын ала жазылуға болады.