Шымкентте 1450 отбасыға Құрбандық еттері таратылды

1088

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі орталық мешітінде «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс!» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шара барысында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев барша көмекке зәру жандарды құттықтап, бақ-дәулет, мол табыс тілеп, бата берді.

Сондай-ақ, қайырымдылық іс-шараға қалалық «Зекет» қорының өкілдігі, «Ықылас» жастар қоры, «Қамар» қайырымдылық мекемесі тарапынан үлкен қолдау болып, қайрымдылық акциясына атсалысты.

Жалпы, үш күн бойы ұйымдастырылған шара аясында Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық орталық мешіттерінде 1450 отбасыға құрбандық ет өнімдері мен азық-түлік, ұн, май т.б. көмек берілді.
Барша Құрбандық мал шалған азаматтардың ниеттері қабыл болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі