Түркістан облысында «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті

459

Түркістан қаласында орта мектептердің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті. Елбасының » Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кітап облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен шығарылған.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, бұл оқулық оқушылар үшін өте пайдалы. Себебі, оқулықта өңір тарихы мен географиясы, мәдениеті мен әдебиеті толық қамтылған. Алдағы уақытта бұл кітап облыс мектептеріне жеткілікті деңгейде баспадан шығарылады.

Бұл оқулықты Өмір Шыныбекұлы, Бибайша Бейсетаева, Күлімхан Сейілбекова, Жанар Ширманова сынды білікті мұғалімдер құрастырған.

Оқулық “Өлкетану” және “Краеведение” деген атпен екі тілде жазылған. Қазір кітап мемлекеттік сараптамадан өтіп, баспаға жіберуге дайын тұр.

Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық ұйымдастырған жиында ұстаздар мен сарапшылар «Өлкетану» оқулығының маңыздылығына тоқталып, жаңа пәнді оқыту бойынша пікір алмасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі