Өмір Шыныбекұлы

203

Өмір Шыныбекұлы, ұстаз: «Бір жылдары осы сыныпқа оқушылар келсе беймазаланып кететін. Сөйтіп бір күні үйден адыраспан әкеліп, түтеттім. Білген дұғамды оқыдым.  Бізде кейде дәстүрлі педагогикадан тыс сондай нәрсені қолданатын, жүгінетін кездеріміз болады. Кейіннен сол басылды… Мектепті 1979 жылы бітірдім. Мектепте жақсы оқығанмен вундеркинг болған жоқпын. Жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалдым. Ауылға қайтқым келмеді. Ауылдың жайы белгілі ғой, трактор айдауың керек, не қой бағуың керек дегендей. Содан Өзбекстанның Жызақ облысында совхоз техникумына оқуға түстім. Үйдегі жұбайым қап арқалап базарға шықты. Соңынан мен де базарға шықтым. Таныстарды көрсек тығылып, бұғып жүрдік. Екі-үш айдан кейін үйрендік қой. Бала кезімде кітапты көп оқыдым. Стендальды 6 класта оқып тастағам. Іште арман көп-тін… 2003 жылы тарих факультетіне оқуға түстім…»