Қаладағы тозығы жеткен 90,2 шақырым су құбыры және 24,8 шақырым кәріз желілері ауыстырылды. Нәтижесінде судың сапасы жақсарып, кәріз жүйелерінің апатты жағдайлары азайған.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің алдында есеп берген «Су арнасы – Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы осылай дейді. Айтуларынша комитет бекітіп берген 5 жылдық жоспар кезең кезеңімен орындалуда.
Нәтижесінде су арнасы кәріз қалдықтарын өңдеу арқылы биогаз бен электр энергиясын өндіру ісін бір ізге қойған. Бұдан бөлек қаладағы тозығы жеткен құбырлардың барлығы жаңартылуда.
Айжан Ермекқызы