Жаңа ауданның құрылуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылмақ

407

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ауданда өткізілетін тамыз конференциясын ұйымдастырудың барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова Мақтаарал ауданының жаңадан құрылуына орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан орталғы Мырзакент кентінде мерекелік концерт өтетінін хабарлады.

«Мақтаарал ауданының жаңадан құрылуы – қара шаңырағымыз саналатын Мырзакент кентінің тұрғындарын зор қуанышқа бөлеп отыр. Сондықтан, аудан тұрғындарының қуанышына орай мерекелік концерт өткізуді жоспарлап отырмыз және бұл жаңа ауданның ең бірінші мәдени іс-шарасы болмақ» — деді А.Ешанқұлова.

Айта кетейік, жаңа ауданда өтетін көлемді іс-шаралардың қатары бұл ғана емес. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ұйымдастыруымен тамыз айының 24-не «Қауын» фестивалі өткелі отыр. Облыстық деңгейдегі іс-шара Мақтаарал ауданының бұрынғы орталығы Жетісай қаласының орталық саябағында болады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.