Үшінші мегаполисте жаңа жылдық мерекелік концерт өтті

Шымқала тұрғындары мен қонақтары жаңа жылдық мерекелік концертті тамашалады. «Қош келдің, Жаңа жыл!» салтанатты іс-шарасына танымал өнер жұлдыздары қатысты.

Мерекелік бағдарламаны «Байдың балалары» көңілді тапқырлар клубының мүшелері жүргізіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концертте Майра Мұхамедқызы, Тамара Асар, Төреғали Төрәлі, Еркін Нұржанов, Сағын Өмірбайұлы, «Жұмыр қылыш» тобы қатысып, өнерлерін көпшілікке паш етті. Өнер жұлдыздары  қонақтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Әл-Фараби алаңында сағат 21:00-де басталған концерт соңы мерекелік отшашуға ұласты.