Сарапшылар Головкиннің алғашқы жеңілісіне «кінәлілерді» тапты

258

Showtime телеарнасының комментаторы, сарапшы Эл Бернштейн мен ESPN маманы Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы қарымтаны қайта қарап шығып, төрешілер шешіміне келіспейтіндерін айтты.

Мамандар шешуші 12-раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді. Дэйв Моретти және Гленн Фельдман бұл ұпайларды Альвареске жазып, мексикалық ұпай санымен алға шыққан (115-113, 115-113, 144-114). Екі төреші де 12-раундта Головкин жеңді десе, кездесу тең аяқталатын еді.

«Головкин — «Канело» қарымтасының 12-раундын қайта қарадым. Жекпе-жектің басқа бөлігін айтпағанда, 12-раунд шешуші болды. Меніңше, «Канело» ол кезде ешқалай басым болмады. Головкин нақты және күшті соққыларды көбірек жасады», — деп жазыпты Бернштейн Twitter желісіндегі парақшасында.

«Головкин 12-раундта басым болғанын бәрі біледі. Мұнда ешқандай сұрақ жоқ», — деп Том Леффлер бұл жазбаны ары қарай жалғастырған.

«10 миллион пайыз беремін, 12-раундты Головкин жеңді», — деп қостады Рафаэль.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен 16-қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалған болатын. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114. Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті — орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

Ақпарат көзі: Vesti.kz және tengrinews.kz