Жанармай арзандауы мүмкін

502
Фото Today.kz

Өңірлерде жанармайдан халық тапшылықты сезініп отырған жоқ. Қазір басты сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармайдың орта бағамы 156-158 теңге аралығында саудалануда. Ендігі меже осы бағытты ұстап қалу дейді сарапшылар, деп хабарлайды 24.kz.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жылдық тұтынатын жанармай қоры 80 мың тонна. Қазір жанармай бекеттерінде тапшылық жоқ. Көлік жүргізушілері қажетті сұйық отынды автокөліктеріне құйып алуда.

Бұған дейін еліміздің энергетика министрлігі Ресейден жанар-жағар май тасымалдауға тыйым салу туралы айтқан болатын. Алдағы үш айда темір жол арқылы тасымалданатын жанармайға рұқсат жоқ. Дегенмен импорт тоқтағанмен, отандық жанармай үлесі нарықта өз орнын тапты дейді Шымкенттегі «Жанар-жағармай» қауымдастығының басшысы Қайыпбек Қамбаров.

Қайыпбек Қамбаров, Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: “Еліміздегі үш зауыттың қазіргі таңға өздеріңіз білетіндей жылдың аяғында Шымкенттегі мұнай зауыты модернизацияны аяқтайды деген жоспары бар. Сол біткеннен кейін, өзіміздің елімізді толық жанармаймен қамтамасыз ете алады. Келешекте ешқандай алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын”.

Сарапшылар елімізде жанармай бағасы көтерілмейді деп отыр. Керісінше, арзандауы мүмкін дейді.