Шымкент қорғасын зауытының аумағында қауіпті мұнаралар әлі тұр. Оларды құлату шарасының әлі созылатын түрі бар.

Абай ауданы әкімдігі мамандарының мәлімдеуінше, алып мұржаларды алып тастау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта жарияланған. Құны 9 млн. теңге болып белгіленген жұмысқа бір ғана үміткер құжат тапсырған. Бірақ ол кәсіпкердің де құжаттары толық болмай, конкурс қайта жарияланыпты.

Талап бойынша, жеңімпаз анықталмай, мұнаралар құлатылмайды. Естеріңізге салар болсақ, биіктігі 110 метрді құрайтын мұржаларды құлату үшін қала әкімдігі зауыт маңайындағы үйлерге зиян келтірмеу керектігін талап етуде.

Нұрлан Күдерұлы