«Көрме» орталығында кілемдер жәрмеңкесі өтуде

1487

«Ұлы дала кілемдері». Шымкенттегі «Көрме» орталығында кілемдер жәрмеңкесінің саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Онда еліміздегі ең үздік «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы мен қоса Түркия, Иран, Бельгияның тауарлары да қойылған.

Жәрмеңкеде бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан саудаланып жатқан тоқыма өнімдерінің 2 мыңға жуығын табуға болады.

Мінсіз сапа, қолайлы баға. Жәрмеңке биыл үшінші мегаполисте үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Көрмеге келген жұрттың қарасы қалың. Арзандатылған бағада кілем сатып алуға асыққандардың бірі Зүлфия Абылова. Қонақ бөлмесіне төсеніш іздеген кейіпкеріміз көздің жауын алған өнімдердің ішінен өз таңдауын жасады.

Зүлфия Абылова: «Арзан бағада сатып жатыр. Кез-келген бөлмеге таңдап ала аласыз. Бағасы да сапасы да жақсы..».

Өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика бүгінде отандық нарыққа ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де тауар жөнелтеді. Сапа мен тауар ассортиментіне аса көңіл бөлетін кәсіпорын өнімдеріне жылдан-жылға шет елдерден тапсырыс көлемі артуда.

Жәрмеңкеден Иран, Бельгия, Түркиядан әкелінген тоқыма өнімдерінің де түр-түрін де табуға болады. Бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан дейді ұйымдастырушылар.

Талғат Ысқақов, «Бал текстиль» ЖШС-нің директоры: «Жәрмеңкедегі кілемдер нарықтағыдан 20-30 пайызға арзан сатылып жатыр. Қазір біз шикізатты өзіміз өндіріп жатырмыз. Бұл тауардың өзіндік құнына айтарлықтай әсер етуде. Біздің тауарлардың бағасы қазір 20 пайызға дейін арзандады».

Жәрмеңке аясында лоторея ойындары да ұйымдастырылуда. Осылайша клиенттерге сый-сыяпат көрсеткен ұйымдастырушылар ұтысқа түрлі кілемшелер мен төсеніш бұйымдарын қойып отыр. Жәрмеңке таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Шара қазан айының 21-не дейін жалғасады. Ендеше мүмкіндікті мүлт жібермей сапалы кілемдерді қолжетімді бағамен сатып алуға асығыңыз.

Мақпал Рысбаева