Сарыағаш ауданында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні атап өтілді. Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Суюбаев қатысты.

Өзінің алғы сөзінде бұл мереке – өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсететін жандарға арналған. Сіздердің жұмыстарыңыз күрделі. Бұған аса шыдамдылық, білім, тәжірибе және ерекше дағды қажет. Бұл мамандық көпшілігіңіз үшін өмірлік кәсіпке айналды. Бұл аға буын өкілдеріне, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ұдайы қамқорлық танытып келетін қызметкерлерге Елбасының көрсетіп отырған орасан құрметі деп білеміз. Енді осынау зор үмітті ақтау – біз үшін үлкен жауапкершілік», – деп атап өтті А.Суюбаев.

Сонымен қатар А.Суюбаев пен аудандық мәслихат аппараты басшысы О.Жанысбек бірқатар әлеуметтік жұмыскерлерді мақтау қағаздарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.