Инстаграм әлеуметтік желісінде Шымкентте қоғамдық орында бала ұру оқиғасы туралы бейнежазба тарап кетті. Желі қолданушысының айтуынша, баласын ұрып соғып, жылатқан әйелдің қылығына шыдай алмай араша түскен.
Әйел ерсі қылығын қоймаған соң видеоға түсіріп алыпты. Бұл оқиға туралы ресми ақпарат алу үшін Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіне арнайы сұраным хат жолдадық.
Редакция хатына берілген жауапқа сәйкес, Шымкент қалалық ІІД «Инстаграм әлеуметтік желісінде кәмелет жасына толмаған балаға күш қолданылды деген күдікпен жарияланған бейнежазба бойынша ҚР ҚК — нің 140 «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабымен тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Жанар Есенбекова