Қарашаның алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда күн суыта түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алдағы екі күнде солтүстік және орталық облыстар жауын-шашынды болды. Ауа температурасы төмендеп, суық ауа ағындары оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарға да әсер етеді.
Аталған өңірлерде негізінен қар жауады, таулы аудандарда қар борап, тұман түсуі мүмкін, ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болады.
Республиканың солтүстік жартысына алдымен жылы, артынан Баренц теңізінен арктикалық суық ауа ағындары келеді. Тек, республиканың батыс облыстары ғана антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін