Алдағы демалыс күндері Түркістан облысы мен Шымкентте күн суытады

154

«Қазгидромет» РКК Түркістан облысы бойынша филиалындағы  мамандардың болжамы бойынша алдағы демалыс күндері Оңтүстік өңірі мен Шымкент қаласында күн суытады.

Әсия ҚЫДЫРБАЕВА, кезекші инженер-синоптик: «Түркістан облысында демалыс күндері жауын- шашын күтеміз. Жаңбыр арты қарға айналады Ауа температурасы біртіндеп салқындайды. Бүгін түнде – 4 +1 градус, кей жерлерде -2 градус аяз. Күндіз +3,+8 градус жылы, кейбір жерлерде +10 градус. Солтүстік аудандарда -5 градус аязға дейін төмендейді. Шымкент қаласында ертең жауын-шашынсыз. Қарашаның 15-і күні кей уақытта қар жауады. Ауа температура 3-5, 0-2 градусқа дейін төмендейді».

Шынар Оразова