Бастауыш сынып мұғалімдеріне шеберлік сағаты ұйымдастырылды

739

Бүгін Шымкентте бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен облыстық семинар өтті. Онда өңірлік ұстаздарға жалпыға бірдей жаңартылған білім мазмұны бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылған.

Мұнда біліктілігін арттыруға келген педагогтар үшін робот техникасы, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану секілді 9 түрлі пәннен дәрістер жүргізілді.

Жаңа әдістемелік оқу бағдарламасы оқушылардың креативтілігі мен коммуникативтілігін арттыруда пайдасы зор дейді мұғалімдер. Айта кетейік, облыстық «Өрлеу» институтының бастамасымен №24 мектеп лицейінде өткен шараға 300-ге жуық мұғалім жиналған. Олар тек өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңартылған оқу бағдарламасын егжей-тегжей талқылауға келген.

Айя Мүтәлі