Шымқаланың тұрғындары үшін тұрмыстық техникалардың қолжетімділігі артты. Дәлірегі, үшінші мегаполистің төрінен «Эврика» желісінің тағы бір жаңа ғимараты ашылып отыр.
Енді, Төле би көшесіндегі №20 үйге бұрылып, кез келген техниканы жәй емес, арнайы жеңілдікпен ала аласыз! Егер, қалтаңыздан қолма-қол қаржы табылмаса, қам жемеңіз, Сіз үшін ешқандай үстемесіз бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.Таң рауандап атысымен-ақ, қаламыздағы «Акбар» базарының аумағы, Төлеби көшесі №20 үйдің алдына жиналған жерлестеріміздің қарасы қалың болды. Барлығы да — мәз мейрам.
Салтанатты шараға тұрғындармен қатар, әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов та қатысып, жаңа бастаманы құп көретінін қуана мәлімдеді. Ал «Эврика»-ның жаңа ғимаратына бас сұғып, мұндағы техникалардың мол түсімі мен сапасына таң қалып, тәнті болған жерлесіміз Ләззат Жұмабаева таңдауын да бізге жасырмай айтып берді.
Ләззат Жұмабаева, қала тұрғыны: «Бүгін «Эврика» ашылып, қуанып, ерекше әсерге бөлендік. Жаңа түсімді аралап шығып, газ плитасын сатып аламын деп шештім. Тұрмысқа қажетті техниканы үйге апарып, келінімді қуантқым келеді. Маған мұндағы қойылған бағалары да ұнайды. Халықтың қамын жасап, бөліп төлеуге жағдай жасап отыр ғой. Рахмет! Алдағы уақытта үлкен мұздатқышты да осы дүкеннен аламын деп шештім».
Қуантарлығы, «Эврика» сауда желісі — мол түсіммен әркез тұтынушылардың талғамын дөп тауып, талабын орындап келеді. Жаңа ғимаратында да тұрмыстық техникалардың сан түрі — мол ұсынымын таныстырып, жаңа түсімдерін де жасақтап үлгерген.
Игорь Жарких, «Эврика» дүкенінің директоры: «Эврика» — әлемдегі ең сапалы брендік өнімдерді елімізге тасымалдайды. «Самсунг», LG, «Сони» деген компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жаңа техника-дүниелерінен қалыс қалмай, шымкенттіктерге мол таңдауды ұсынып келеміз. Сондай-ақ, тұтынушыларымыз үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Яғни, техникаға қызығып, бірақ мұны төлеуге қолма қол қаржысы табылмаса, қам жемесе де болады. Жыл — 12 айға бөліп төлейді немесе несиеге рәсімдей алады».«Эврика» — жерлестерімізге сапасы мен сәні келіскен, заманауи тұрмыстық техникалардың қолжетімділігін арттырған ауқымды сауда желісі. Ал бұл — жаңа нысан 4-ғимарат ретінде ашылып, шымкенттіктерді қуанышқа бөлеп отыр.Айта өтейік, әркез тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, тауар ұсынатын «Эврика» бұл жолы да өз бағытынан танған жоқ. Тиісінше, мұнда бұрылған тұтынушыларға ұтыс ойындарын ойнатып, сый-тартуларын үлестіріп жатыр. Және Сіз бен Біз үшін жасалған арнайы жеңілдіктер 28-қазанға дейін жалғаспақ.
Мөлдір Бекеева