EVRIKA компаниясы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосты

0

Өткен демалыс күндері қалада 100-ге жуық ағаш отырғызылды. Осылайша, EVRIKA компаниясы үшінші мегаполисті көгалдандыруға ғана емес, «Таза Қазақстан»акциясына да өз үлесін қосуды ұйғарды.

Сенбінің таңы Абай саябағында ерекше басталды. Қолына күрек алып, түрлі-түсті жейде мен бас киім киген адамдар саябақтың ағаштар топтамасын толықтырды. Evrika компаниясы мегаполисті көгалдандыру мақсатында жыл сайын осындай акция өткізіп тұрады.

Назира Жұрқабаева, бас маркетолог: «Бұл шара “Таза Қазақстан” акциясы аясында өтіп жатыр. Бізде мегаполисті көгалдандыру мақсатында мұндай акциялар жыл сайын өтіп тұрады. Біз бүгінгі экоакцияға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл бастама бойдағы патриоттық сезімді оятуға септігін тигізеді. Қаламызды, елімізді көгалдандыру біздің болашағымыз үшін қажет. EVRIKA компаниясы табиғатқа қамқорлықпен қарайды»

Қырым қарағайлары, үйеңкі және емен ағаштары. Аталған көшеттер Абай саябағына арнайы Алматы облысынан әкелінген. Биіктігі екі метрден асатын әр көшетті отырғызатын орын да кездейсоқ таңдалмаған екен.

Айдан Исах, саябақтың техник маманы: «Бұл жерге емес, үйеңкі ағаштары егіледі. Ал шырша, қарағайлар басқа жерге егіледі. Сол себепті де дәл осы орын берілді»

Жалпы, бұл экоакция Абай саябағынан басқа қаланың үш нүктесінде өтті. Ж.Тыныбаев көшесіндегі Құрметті азаматтар аллеясы мен Ж. Тәшенов көшесіндегі аллеяға да көшеттер отырғызылды. Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар үлкейгенде көлеңке беріп қана қоймай, шырайлы шымқаланың ауасын тазартуға да септігін тигізеді. Осылайша EVRIKA компаниясы өзінің басты қағидасы – адамдардың өмір сүру сапасын арттыруды жалғастыруда.