Газбен жүретін көліктерге талап күшейтіледі

306
Фото Aikyn.kz

ҚР Инвестиция және даму министрлігі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық бақылау қағидаларын бекітті. Ол арқылы газбен жүретін көліктерге қатысты талаптар едәуір күшейтілген.

Енді газ баллоны орнатылған көліктерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасы болуы міндет. Көлік құралдарының тұтқырлық жүйесінің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес болуы қажет және көлік құралына орнатылған әрбір газ баллонының сериялық нөмірі және «СНГ» немесе «КПГ» белгілерінің болуы қатаң тексеріледі.

24.kz