SONY DSC

Бүгін Шымкент қаласы «Сайрам» тұрғын алабындағы облыстық өзбек драма театрында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтеді.

Қайырымдылық шарасында «Шымкент құс» ЖШС бас директоры Айдар Досболов және «Байтерек агро» ЖШС директоры Тахирбек Нишанбаев сынды жомарт жандардың демеуімен70-тен астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сый-сияпат жасалып, отбасыларына азық-түлік тарту етілді.

Мерекелік жиында арнайы дайындалған бейнеролик, облыстық өзбек драма театрының әртістері мүмкіндігі шектеулі жандармен бірлесе дайындаған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрғасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің басшысы Кеңесбек Букеев сөз сөйлеп, іс-шараның маңызына тоқталады.

Айта кету керек, игі бастамаларға жұртшылықты жұмылдыру арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайтуды көздейтін іс-шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» мекемесі ұйытқы болды.