Úı ANONS Бастауыш мектептің қосымша құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

Бастауыш мектептің қосымша құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласында Сайрам тұрғын алабында бастауыш мектептің 120 орындық қосымша құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік нысан құрылысының 70% жұмыстары аяқталды.

Қала әкімі аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді.
Бас мердігер – «А.Р.Т. — Құрылыс» ЖШС. Жобаның конкурстық құны – 936 125,3 мың теңге.

Құрылыс былтыр наурыз айында басталған болатын. Биыл 1 қыркүйекке тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарланған. 2021 жылға қаралған қаржы – 606 125,0 мың теңге. Оның ішінде игерілген қаржы көлемі – 297 398,0 мың теңге.