Мизам шуақ әлі де жалғасуы мүмкін

972
Корреспондент.net

Өңірде мизам шуақ әлі де жалғасуы мүмкін. Күн райының күрт суып кеткеніне қарамастан синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Ал суық ауа райы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында апта соңына дейін сақталады. Қоңыр күздің қазанындағы күн райы құбылмалы болмақ.

Өңірде төрт күн бойына сақталатын суықтың соңы қарға айналады дейді ауа райын болжаушылар. Ауа температурасы күндіз 3-8 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде қатты жауын болып, тұман басады. Тіпті жел соғып, күңіренген күз мінез көрсетеді дейді синоптиктер.

Алайда, бұл жайма шуақ жылы күндермен қоштасамыз дегенді білдірмесе керек-ті. Ауа райын болжаушылар 14 -қазаннан кейін күн райы бірте-бірте жыли түсетінін айтады. Қазанның соңғы онкүндігінде күнгейліктер мизам шуақ күндер күтуде деп болжайды.

Халық айтса, қалт айтпайды. Көпшіліктің қыс ерте түсуі мүмкін деген болжамын синоптиктер де жоққа шығармайды. Қалай дегенмен бұл болжам ғана.

Солтүстіктен келген салқын ауаның әсерінен ауа температурасы 4-9 градусқа, күндіз 10-15 градус болады. Жауын шашын жауып, тауда тұман болады. Шығыс бағытында 8/13 жел тұрады. Қатты жауын-шашын күтіледі, таулы аудандарда қарға ұласады, әсерінен температура күрт төмендейді.

Қазанның 14 — нен кейін бірте-бірте күн жылына бастайды. 13-14 күндері қар жаууы мүмкін. Қазан айының бірінші онкүндігінде кей жерлерде 10 градусқа жылиды. Екінші онкүндігінде 8-13, кей жерлерде 17 градусқа дейін жылынады.

Мақпал Рысбаева