Қыс маусымы қарсаңында, «Шубамания» көрме-жәрмеңкесі Шымкенттің аруларын шақырады! Жәй емес, жерлестеріміз үшін сапалы әрі сәнді тондардың сан түрін ұсынып, арнайы жеңілдіктер жасап отыр. Осы орайда, табиғи жағалы тон жамылғысы келетіндердің талғамы мен талабын тыңдап, жәрмеңке ұйымдастырушылардың жеңілдікке толы күндерін де анықтап қайттық.

Мол таңдау, жоғары сапа. Әрі бөліп төлеу. Немесе несиеге рәсімдеу. Мұның барлығы «Шубамания» дүкенінде. Қыс маусымына дайындықты бастап кеткен қыз-келіншектер үшін керемет мүмкіндік. Шымкентте таза былғарыдан тігілген ішіктер мен бас киімдердің, қолғаптардың сан түрін ұсынған бұл көрме жерлестеріміздің үдесін дөп тауып, көңілін де жаулап үлгергені қуантады. Қазір Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген трендті тондарға қызығушылығы ауып, сатып алушылардың да қатары анағұрлым артқан.Перизат Тастемір, тұтынушы: «Көптен бері, тон алуды армандап жүр едім. Бүгін сол арманым орындалып, қуанышқа кенеліп тұрған жәйім бар. Сапасы да жақсы. Бағасы да қалтаға қонымды. Ал бұған дейін талай рет тон іздеп, өзіме ұнағанын таппап едім, енді міне, «Шубаманияға» алғысымды білдіремін».

«Шубамания» кез келген арудың талғамын ескеріп, талабын орындай алады. Дәлірегі, мұнда талдырмаш мүсінді және толықсыған сұлуларға да тон дайын. Ең бастысы, сапасы мен сәні үйлесім тапқан. Қаракүзен, африкалық және ауғандық түлкі, мутоннан тігілген авто-леди, классикалық, аралас үлгілердің сан үлгісі осында. Сондай-ақ, «Шубамания» сіздерге манто, авто леди, трапеция, классикалық тік пішінді, ұзын, қысқа тондардың кең таңдауын ұсынады.

Әйкерім Абжан, «Шубамания» көрме-жәрмеңкесінің кеңесші-сатушысы: «Бізде жаңа түсім көп. Қазір Шымкенттің ауа райына сай, жеңіл әрі жағымды тондарды көптеп әкелдік. Барлығы да Ресейде арнайы шеберханада тігіліп, жасалады. Бұл үшін әйгілі дизайнерлер жұмыс жасап жатыр. Сапасына мін тағу мүмкін емес»

«Шубамания» көрме-жәрмеңкесі зейнеткерлер мен туған күн иелеріне арнайы жеңілдіктер қарастырған. Және алдағы жұма – 26-қазан – жеңілдікке толы күн болғалы тұр. Бұл үшін қаламыздағы Темірлан тас жолы бойындағы, әл-Фараби сауда үйіне бұрылсаңыз болғаны.

Мөлдір Бекеева